2014 жылдың 1 қарашасында Арал ауданының әкімінің қолдауымен, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен Арал қаласының орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерін сатудан жәрмеңке өткізілді. Шараға Арал қаласындағы балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындар және ет өнімдерін сататын кәсіпкерлер өз үлестерін қосты.
Жәрмеңке күні тұтынушыларға жалпы құны 10 млн теңгені құрайтын азық-түлік сатылды. Базар бағасынан 15-20 пайыз төмен көлемде сатылған ауыл шаруашылығының өнімдері аудан халқының сұранысын кең көлемде арттырды. Балықтан бастап, көкөністер мен сүт өнімдері, ет, мал азығы қала тұрғындарының қалтасына қонымды бағамен сатылды.