Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда екі азамат студенттер мен оқушыларға оқ жаудырды

Байқоңырда екі азамат студенттер мен оқушыларға оқ жаудырды Байқоңыр қаласындағы аулалардың бірінде екі бұзақы оқ жаудырып, салдарынан кәмелетке толмаған жеткіншек қаза тапты. Тағы үшеуі жарақаттар алған деп мәлімдеді Ресейдің тергеу комитеті.
Бұл туралы "Новости-Казахстанға” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
12 қыркүйекте Ресейдің Тергеу комитетінің тергеу бөлімі "Байқоңыр” кешенінде жеткіншекті "өлтіру” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Тергеу нәтижесінде 2015 жылдың 11 қыркүйегінде, сағат 23.50-де екі қаруланған азамат бұзақылық жасау ойымен Максимов және Титов көшелерінің бойындағы аулада бір топ адамдарға қарай атыс ашқаны және кемінде жеті рет оқ жаудырғаны анықталды”, – делінген хабарламада.
Нәтижесінде зардап шеккен 1999 жылғы жеткіншек емханаға барар жолда көз жұмды. 1991, 1992 және 1997 жылғы үш тұрғын түрлі ауырлық деңгейіндегі оқ жарақаттарын алған. Екі зардап шегуші жансақтау бөлімінде.
"Қазіргі уақытта күдіктілердің есімдері анықталды. Оларды іздестіріп жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – дейді құзырлы мекеме.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: