Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАДА КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ


Қызылорда қаласындағы кәріз жүйелерін жаңғырту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылды.
КНС-32 ден КГ КНС-1 «Жиһаз фабрикасы» дейінгі екі жүйелі қысымды кәріз су жүйесін жаңғырту жобасына облыстық бюджеттен бөлінген 18,3 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, 87,3 млн. теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Ал Тасбөгет кентіндегі Е. Бозғұлов көшесі бойындағы 13 көпқабатты тұрғын үйлердің су және жылу жүйелеріне есептегіш қондырғылар орнатылды. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үй кварталы №2 жұмыс жобасы мен инженерлік желілері құрылысының жоба сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен бірге әзірлеуге қалалық бюджеттен 9,3 млн. теңге қаралды.
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында ауыз сумен жабдықтау және кәріз суды тысқары алып кету, бірінші кезеңінің құрылысына облыстық бюджеттен 350,0 млн. теңге бөлінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: