ЖАЛАҒАШТАҒЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕШІТТІҢ СӘУЛЕТІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ
Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылында сәулеті жағынан ерекше мешіт салынып жатыр. Бұл жөнінде Әли Санжар есімді азамат мәлім етті.
Суреттен байқалып тұрғанындай, мешіт үйінің үйінің құрылысы алыстан менмұндалап тұр. Әли Санжар «Қазір мешіт салынып жатқанын жиі естейтін болдық. Құптарлық дүние. Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылында бір кәсіпкер ағамыз мешіт бастапты. Ауыл тұрғындары 95 пайызының аяқталып тұрғанын айтады. Бірақ сыртқы келбетіне қарап бұл ғимратты мешіт деп айтуға ауыз бармайды. Осы түсінбейтінім мешіт саларда оның эскиздік жобасы ешқандай мекемемен келіспей ма? Әлде сол рұқсат беретін мекеменің жауапсыздығы ма? Мына ғимарат енді мұсылман деген атымызға ұят сияқты» деген ойын білдіріпті.
Оған кейбір азаматтар қарсылығын білдірсе, ендігі бірі сәулетін жоғары бағалапты.