Аудандық «Жастар Үйі» ғимаратында «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімі мен Қазалы ауданы бойынша Жастар Парламентінің ұйымдастыруымен жастарға арналған әлеуметтік, құқықтық және мемлекеттік бағдарламалар бағытында сала мамандарын қатыстыра отырып, жастарға кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Шараның негізгі мақсаты – еліміздегі жастардың жарқын болашаққа ұмтылуына, білім алуына және жұмыспен қамтылуына зор ықпал ететін бағдарламар тұсында кеңес беру. Жастарға кеңес беру шарасына «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Қолжетімді баспана-2020», «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойыша сала мамандары қатыстырылды. Шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Олжас Кенжебайұлы сөз сөйлеп жастарды кеңес алуға шақырды. Кеңес алу шарасына 80-ге жуық аудан тұрғындарымен жастар қатысып нәтижесінде 30 жас кеңес алды.