Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙМЫЗ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙМЫЗ»  АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы жарияланып отыр.
Осыған орай акция аясында 24 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Балаларға қуаныш сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық акциясының басты қонақтары облыстық №7 орта мектептің қамқоршы, қорғаншы, патронаттық тәрбиедегі оқушылар болды. Балалар қайырымдылық жайында айтылған әңгіме, аңыздарды тыңдады. Шарада №8 арнаулы санаториялық мектеп-интернатының  және №7 орта мектептің оқушылары  өнерлерін көрсетті. Акцияда балаларға  сыйлықтар үлестірілді.
Іс-шара соңында оқушылар Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған кітап көрмесімен танысып, «Тәуелсіздік залына» және кітапхана бөлімдеріне саяхат жасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: