Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ақайда газоблок шығару цехы ашылды

Қармақшы ауданы Ақай ауылында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 жоба іске асуда. Сондай-ақ жаңадан іске қосылған нысанның бірі – «Шенеусизов FE» атына тіркелген газоблок шығару орны. Бұл нысан тұрғынның өз қаражаты негізінде ашылған. 5-6 жыл көлемінде салынған ғимараттың ауқымы кең.
– Біздің тапсырыс алып, жұмысымызды бастағанымызға 2 айдан асты. Әзірге тек сұраныс бойынша ғана өнімді ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта көп мөлшерде түрлі өлшеммен газоблок өнімдерін дайындап қою жоспарда бар. Тапсырыс ауыл ішінен, ауданға қарасты ауылдар мен облыс орталығынан келуде. Қажетті химиялық қоспаларды Алматы қаласынан алдырамын, – дейді жеке кәсіпкер Жеңіс Сүйіндікұлы.
Мұндағы өнімнің құны өлшеміне қарай 1000, 1500, 2000 теңгеден бағаланады. Өзге блоктардан өзгешелігі ыстықты өткізбей, суықты жібермей бір қалыпта ұстап тұруында. Оның мұндай қасиеті өнімнің ауа өткізгіштігінде екен. Әзірге отбасылық кәсіп ретінде жұмыс жүргізуде. Тапсырыс көлемі артып, өнімге сұраныс артса, бірнеше адамды жұмыспен қамтымақ. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: