Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкер жүк көлігін сатып алды


Жанатов Абылай Қызылорда қаласында тұрады. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие алуға өтінім берген болатын.
Өтінімі мақұлданып жеке кәсіпкер Қордың Қызылорда филиалынан 4 млн теңге несие рәсімдеді. Несиеге «ГАЗель» жүк көлігін сатып алды. Қазіргі таңда осы көліктің арқасында қосымша табыс тауып отыр.
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 процентпен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: