Элизабет Тұрсынбаева биыл бес мәрте халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды!
Италияда мәнерлеп сырғанаудан «Кубок Мерано» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл турнир 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы аталмыш турнирге Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қатысқан болатын. Биыл бұл турнирде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жастар арасында өнер көрсетіп, биылғы жылдың бесінші алтын медальіне қол жеткізді. Күміс жүлдені Франция cпортшысы иеленсе, қола жүлде неміс қызына бұйырды. Аталмыш додаға 9 елден 24 спортшы бақ сынады.
Енді Элизабет үстіміздегі жылдың желтоқсан айының басында Будапеште болатын халықаралық турнирге және 20-21 желтоқсанда Қызылорда қаласында бірінші мәрте ұйымдастырылатын ҚР чемпионатына қатысады.
Айта кетейік, биылғы жылы Элизабет Жапонияда және Германияда өткен жастар Гран-при жарыстарының күміс және қола жүлдесін иеленген болатын.