Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АСТАНАДАҒЫ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫ ФОРУМЫНА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАТЫСТЫ

 

Астанада Қазақстан мен Орталық Азия дағдарыс орталықтарының форумы өтті. 
Оған еліміздегі көптеген қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, БҰҰ адам құқықтарын қорғау белсенділері сондай-ақ, Тәжікстан мен Германиядан қонақтар келді. Форум жұмысына Қызылордадан «Кіші кәсіпкерліктегі әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Салтанат Сыздықова, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Бибігүл Үмбетова және «Қамқорлық» дағдарыс орталығының жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов қатысты.
Форум барысында Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының принциптері мен құрылымдары, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, әйелдердің құқықтары мен зорлық-зомбылықты болдырмау туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: