Бүгін Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі Н.Мұқашев 2016 жылғы атқарылған жұмыстар барысын баяндау үшін тұрғындармен кездесті.
Өз есебінде округ әкімі «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы тұрақты түрде дамып келе жатқандығын айтты. Бұл бағдарлама бойынша 2016 жылы 14 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 16 тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды. «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2016 жылы 10 тұрғын несие алып, мал кәсібімен айналысуда.