Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыстық қоғамдық кеңес қандай жұмыстар атқарды?

Өңірде қоғамдық  кеңестің мүшелері  халық арасында үздіксіз  ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықтың тұрмысындағы проблемалық мәселелерді билікпен бірге шешуде белсенділік  танытуда. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Сайлыбаев мәлімдеді. 
 -Қоғамдық кеңеспен анықталып  ұсыныс берілген тағы бір түйткілді проблеманың бірі ҚР-ның  жер кодексіне , азаматтарға  тұрғын үй салуы  үшін кезекпен жер телімін беруде заңмен белгіленген үш жыл ішінде үй салуға жағдайы келмейтін азаматтарды өз кезегінде қалдырып,  жер телімін кезекте онан кейін тұрған, құрылыс жүргізуге мүмкіндігі бар адамға беру үшін өзгеріс енгізу қажеттілігі жөнінде ұсынымызды салалық министрліктің  назарына жолдадық. Яғни елді мекендер мен қала тұрғындарына тұрғын үй салуы үшін кезекпен жер телімдерін беру мен оны мерзімінде игеру заңдылықтарының  сақталуына жасалған мониторинг нәтижесінде  жер телімі уақытша өтеулі құқымен табысталып, үш жылмерзімде үй салуға жағдайы келмей,  жерді пайдаланбаған азаматтардан, заң  талаптарына сәйкес қайтарып алынып, ол азаматтар тізімнен шығарылып, кезекке жаңадан қайта тіркеледі,-деді Бақытжан Әбдіхалықұлы. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: