Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ата заң – білімге, ғылымға және инновацияға негізделген ел дамуының кепілі

Жаңа Конституцияның маңызды қырларының бірі – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуында адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны стратегиялық басымдық ретінде айқындауы. Бұл – мемлекеттің болашағы ең алдымен білімді ұрпаққа, білікті мамандарға және заманауи технологиялық әлеуетке байланысты екенін көрсететін маңызды ұстаным.

Атап айтқанда, Конституцияның 3-бабының 2-тармағында адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде бекітілген. Бұл қағидат еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға, ғылыми зерттеулерді қолдауға, жаңа технологияларды өндіріске енгізуге және жастардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз болады.
Сонымен қатар, жаңа Ата Заңда цифрлық қауіпсіздік пен азаматтардың дербес деректерін қорғауға конституциялық кепілдіктердің енгізілуі де ерекше маңызға ие. Қазіргі цифрлық қоғамда адамның жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Бұған қоса, экологиялық жауапкершілік пен табиғатты қорғау мәселелерінің конституциялық деңгейде бекітілуі келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілікті айқындайды.
Менің ойымша, жаңа Конституцияның бұл бағыттағы маңызы – ел дамуының басымдықтарын заманауи талаптармен сабақтастыруында. Білім мен ғылымға негізделген қоғам ғана бәсекеге қабілетті, экономикалық тұрғыдан қуатты мемлекет қалыптастыра алады. Сондықтан жаңа Ата Заңда айқындалған стратегиялық қағидаттарды нақты іске асыру мемлекеттік органдардың, білім беру және ғылыми мекемелердің, азаматтық қоғам мен әрбір азаматтың ортақ міндеті болуы тиіс.

Аяна Ерназарова
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: