Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАСБӨГЕТТЕ ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ


Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіне облыстық бюджеттен бөлінген 28 млн. теңгеге ұзындығы 1,2 шақырым жерге 67 дана түнгі жарық бағаналары орнатылды.
Бұл жұмыстармен қатар, Тасбөгет кентінде облыстық бюджеттен бөлінген 446,5 млн. теңгеге 9,7 шақырым болатын 6 көшенің жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде: 6,6 шақырым болатын 3 көше күрделі жөндеу, 1,5 шақырым болатын 1 көше құрылысы және 1,6 шақырым болатын 2 көше орташа жол жөндеу (Жангелдин, Жанкин, Әбілқасымов күрделі жөндеу, Жүнісов жол құрылысы, Оразбаев, Есенов орташа жол жөндеу).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: