Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Тәттінің» наны тәтті


Табысты кәсіптің бірі – наубайхана. Кент орталығындағы ЖК «Гаюпова» кондитерлік цехы бүгінде туған күн, үйлену тойы, басқа да салтанатты дастарханның сәнін келтіріп, тіл үйірер дәмді тағамдарымен көпке танымал.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізген кәсіпкерлік нысанында 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер Әйгерім Каюпова наубайханада пісірілген өнімдері сауда дүкендеріне, сондай-ақ, аудандағы мектеп, балабақшаларға жеткізіліп отыратынын айтты.
– Тәттіден бас тартатын адам жоқ шығар. Себебі, оны балалар ғана емес, ересектер де сүйсініп жейді. Біздегі кондитерлік өнімдер көлемі, дәмі, безендірілуі жағынан бір-бірінен асып түседі. Бағасы да қолжетімді. Бүгінде наубайханадан күніне 500-ге жуық нан өнімдері шығарылады. Өмірде мақсатсыз адам болмайды, менің де алға қойған басты мақсатым – осы кәсіпті кеңейту арқылы аудан дамуына серпін беру, – дейді кәсіпкер.
«Тәтті» наубайханасы 2012 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында тұрғындардың сұранысына сай түрлі нан өнімдерін пісіріп, тұтынушы талғамынан шыға білді. Енді, кәсіпті одан әрі кеңейтуді көздеп отыр.


Нұрсұлтан Қазбеков.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: