Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты деген ақпарат желіде желдей есті. Актрисаның желіге жариялаған суреті көпті толғандырып тастады. Бірі бұл ақпараттың жалған екенін жазса, бірі бақыт тілеп жатыр. Бұл жөнінде stan.kz жазды.
Айгүл Иманбаева желіге ер азаматпен бірге түскен суретін жариялады.
"Бізде енді осындай фото бар! Амандығыңды тілеймін", - деп жүрек белгілерін қойды актриса.
Бұны көрген желідегі оқырманы актрисаның жаңа ғашығы деп болжады. Бірі бақыт тілеп, бірі сұрақтың астына алып жатыр.
"Қызғаныштан тұз жалап, мұз түкірдім!", - деп жазды әнші Сайлау Қамиев.
"Бақытты болыңдар. Той қашан?", - деп жазды әнші Нұркен Өтеуіл.
Екі әншінің бұл пікірі көпті ойландырып тастады. Иманбаева бұған дейін де бейтаныс ер азаматпен түскен суретін жария еткен болатын.
"Әр махаббаттың өз уақыты болады. Енді менің сүйетін уақытым келді", - деп жазды әнші парақшасында біршама уақыт бұрын.
Осыдан соң көпшілік әншіні тұрмысқа шыққалы жатыр деп топшылады.
Ал, әншінің өзі бұған қатысты еш ақпарат айта алмайтынын жеткізді.
"Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққан жоқ. Көпшілік ойдан жаза береді. Суреттегі азамат Иманбаеваның әріптесі. Театр әртісі. Иманбаева тұрмысқа шығып жатса, өзі арнайы сұхбат бере жатар", - деді әншінің директоры Жазира Stan.kz ақпарат агенттігіне берген жауабында.
"Бағланның отбасы бар. Жай бірге түскен сурет шығар", "Сіз де бақытты болуға лайықсыз", "Неге жүре белгісі жүр?", "Досқа деген шынайы ниеті", "Бақытты болсын, жарасады екенсіздер", - деп жазды желі қолданушылары.