Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай байланысты жылдағы дәстүрге сай аудан әкімі С.Мақашов аталмыш мамандық иелерін қабыдап, мерейлі мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Салтанатты кездесуде мемлекеттегі мерейлі істермен облыстағы оңтайлы шараларды және ауданның айшықты тіршілігін оқырманға жеткізіп жүрген «Қармақшы таңы», «Бәйтерек-Байқоңыр» газеті редакциясының шығармашылық тобына оң бағасын берген аудан басшысы, жұмысты одан әрі жандандыру, сапаға мән беру, ел іздеп оқитын мақалаларды көптеп шығару, газет оқырмандарының санын арттыру мақсатында түрлі мүмкіншіліктерді қарастыру қажет екендігін де тілге тиек етті. Шарада сондай ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдаулетов сөз алып, қоғамдық, саяси, мәдени мәселелерді тұрғындарға түсіндіруде, Елбасы саясатын елге насихаттауда қалам ұстаған қаламгерлердің еңбегі зор екендігін тілге тиек етіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: