Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда отандық өнімге қолдау жасалды

Арал ауданындағы "Қанағат" коммуналдық базарының маңында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің Арал аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстанда жасалған» атты акциясы аясында жәрмеңке өткізілді. 
Акция отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ауданымызда шығарылатын сүт, ет, нан өнімдері, балық, тұз және ұн өнімдерін насихаттау, төмен бағамен арнайы бұрыштар әзірленді. Жәрмеңкеге "Аралтұз" АҚ, "Қамқор тұтыну", "РАННАР", "Арал СДО" "Камбала балық" ЖШС-тері мен Арал балық өңдеу зауыты өз өнімдерін ұсынды. Сонымен қатар, бірқатар дүкендерінде «Қазақстанда жасалған» атты бұрыштар мен сөрелер аудан халқына қолжетімді бағамен өнімдерді ұсынуда. Аталмыш акцияға ауданның белсенді жастары да өз үлестерін қосып, тұтынушыларға үнпарақтар үлестірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: