Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 200-250 АДАМ ҚҰЛДЫҚҚА ТҮСЕДІ

 

Қазақстанда жыл сайын 200-250 адам құлдыққа түседі. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымының үлестірушісі Деян Кесерович айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні Еуропадағы миграциялық дағдарыс жайында жиі еститін болдық. Бүгінде Еуропада күн сайын 1,5 миллион адам көшіп-қонып жүреді. Ал Азия елдерінде бұл көрсеткіш 10 мың адамға тең. Егер көші қон-мәселесі дұрыс реттелер болса, онда дағдарыс болмайды»,-  деді ол.
Оның атап өтуінше, бұрынғы Кеңес одағы құрамынан шыққан елдер көші-қон проблемасымен бірлесе күресу қажет. Мәселен, бір мемлекет бұл салада нақты шаралар қолға алса, онда оның әсері келесі елге де білінеді.
«Жалпы, мигранттарға қатысы көзқарасты өзгерту қажет. Оларды заңсыз немесе заңды деп емес  реттелетін және реттелмейтін  мигранттар деп бөлген жөн. Өйткені, мигранттар бір елдің шекарасына кірген кезде өткізу бекетінде-ақ мәліметтер базасына тіркеледі»,-  деді Д.Кесерович.
Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, жыл сайын Қазақстанда 200-250 адам құлыққа түседі екен.
Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы кітапханасында Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағындарының мәселесін шешу: халықтың ұтқырлығы, босқындар мен осал мигранттардың құқықтары және аймақтық ынтымақтастық» тақырыбында 2 күндік жоғары деңгейдегі кездесу өтуде.
Шараның үкіметаралық деңгейде өтетін екінші күніне ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қ. Сұлтанов,  Орта Азия бойынша босқындарды қорғау жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының аймақтық өкілі Ясуко Ода қатысады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: