Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Ауыл мектебі» жобасы басталды


Қарағанды және Қызылорда облыстарында пилоттық режимде «Ауыл мектебі» жаңа білім беру жобасы бастау алды, оның аясында педагогикалық практиканы жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және цифрлық ресурстардың қолжетімділігін арттыру арқылы республиканың ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру жоспарлануда.
«Жаңа жобаның басты міндеті – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту. Қазір жұмыстар Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының төрт мектебінде және Қызылорда облысының Жаңақорған және Сырдария аудандарының үш мектебінде басталды. Жоба аясында оқу процесі мен материалдық-техникалық базаны егжей-тегжейлі зерделеу, білім беру ортасының мониторингі, мұғалімдердің кәсіби сұраныстары, ата-аналар мен қоғамның мектеп өміріне қатысуы, сонымен қатар оқу-тәрбие процесінің басқа да мәселелерін зерттеу жоспарланған», - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибені тарату департаментінің директоры Гүлнар Балғабаева.
Жобалық топтардың құрамына облыстық білім басқармаларының қызметкерлері және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының өкілдері кірді: тәжірибе тарату мен зерттеулер департаменті бөлімдері, төрт орталық – білім беру бағдарламалары, педагогикалық шеберлік, педагогикалық өлшемдер, ақпараттық технологиялар және сервис. Әр жоба нәтижелері бойынша жоба топтары аналитикалық есептер мен ұсыныстар дайындайды, әкімдіктер соның негізінде кешенді бағдарламалар әзірлейді.
Ауыл мектептерін кең көлемде қолдау мақсатында құрылған жаңа білім беру жобасы вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басшылығымен болған кездесуде ұсынылды. «Ауыл мектебі» аясында республиканың барлық ауылдық мектептері материалдық-техникалық базаның жақсаруы және мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің артуының нәтижесінде қайта жанданады деп күтілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: