Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада биыл 1500-ге жуық жас әскерге аттанады

Сыр өңірінен 2021 жылы 1500-ге жуық жас әскерге аттанбақ. Олардың 700-ге жуығы көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында жүзеге асырылады. Бүгінге дейін 300-ден астам жас Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанып үлгерді.
Денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар ҚР Қарулы Күштері қатарына, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдерде  және Мемлекеттік Күзет қызметінде борыштарын өтейтін болады. 
- Бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр   азаматтың қасиетті борышы. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалисттерді, Отан қорғауға даяр азаматтарымызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз, - деді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқарма бастығы Алмат Жақыпов.
Облыста 2018 жылдан бері «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы жұмыс жасайды. Мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беріп, түрлі шараларды өткізуге ұйытқы болып келеді. 
- Отан қорғаушылар күніне орай «Мен әскердемін» челенджін қолға алдық. Бейне үндеу арқылы сарбаздар туған жерін, Отан алдында әскери борышын өтеп жатқан бөлімі туралы баяндайды. Жастарды әскерге шақырады. Сондай-ақ, әскери техникалық мектептен сарбаздардың жаттығуын түсірдік. Мереке күндері әлеуметтік желіге жүктейміз, - деді «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының жетекшісі Айдос Қожамұратов.
Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай оқу орындарында «Ерлік» сабақтары ұйымдастырылуда. Әскери қызметшілердің «Өшпес ерлік» атты Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін құттықтау онлайн жүргізіледі.  Сондай-ақ атаулы датаға байланысты әскери қызметшілердің балаларының қатысуымен «Менің атам қалай әскери борышын өтеді» атты сурет салудан конкурс өткізіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: