Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ғылыми-тәжірибелік конференция өттіҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Болашақ» университетінің ғылыми-кеңес залында «Қазақстандағы этносаясат: тарихы және даму перспективалары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Бұл шара Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-ң қолдауымен өткізілді. 
Конференцияның басты мақсаты этносаралық қатынастарды және этносаяси жағдайды зерттеу, отандық патриотизмді қалыптастыру, ғылыми зерттеу арқылы қоғамдық тұрақтылыққа шақыру, мемлекеттiң тәуелсіздігін, интеграциялық саясатты насихаттау.
Жиынға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі А.Садуақасова, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Баекеев, ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің І-хатшысы Т.Телеубаев, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, білікті ғалымдар, т.б. қатысты. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: