«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарында бұрын енгізілген икемді баға белгілеу жүйесінің одан әрі жетіле түскенін хабарлайды.
2015 жылдың 1 акпанынан бастап алдын ала билет алған жағдайдағы жеңілдіктер мерзімі ұзартылды.
Егер бұрын 35% жеңілдік пойыздың жүруіне 44 тәуліктен 40 тәулікке дейін қалғанда ғана берілсе, енді 35% жеңілдікті пойыздың жүруіне 10 тәулік қалғанда билет алған жағдайда және 20 % жеңілдікті пойыздың жүруіне 2 тәулік қалғанда билет алған жағдайда пайдалануға болады.
Мәселен, қазір Астанадан Атырауға дейін «Тұлпар-Тальго» пойызына билеттің базалық бағасы 14054 тенге болса билетті ертерек сатып алсаңыз оның бағасы 9223 теңгеге дейін арзандауы мүмкін.
Мұндай жеңілдіктерді «Тұлпар-Тальго» пойызының төмендегі бағыттары бойынша пайдалануға болады: 19/20 Астана-Атырау, 87/88 Ақтөбе-Астана, 79/80 Астана-Шымкент, 77/78 Алматы-Атырау, 49/50 Алматы-Ақтөбе, 89/90 Астана-Қызылорда, 67/68 Астана-Өскемен, 69/70 Алматы-Өскемен, 35/36 Алматы-Шымкент.
Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұрын енгізілген «Жастар», «Құрмет», «Саяхатшы» дисконттық (жеңілдікті) карттарының көмегімен де билет сатып алуға болатынын еске салады.
Алдын ала билет алудағы 35% жеңілдікті ескерсек дисконтты карталарды пайдаланған жағдайда жолаушы жалпы 52% дейін жеңілдікке қол жеткізе алады.