Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелігіне үміткерлер қанша дауыс алды?
Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелігіне үміткерлерге дауыс беру өтуде. Кандидат ретінде 37 кәсіпкер тіркелді. 5 тамызда басталған дауыс беру 11 тамызға дейін жалғаспақ. 37 кәсіпкердің арасынан 20 бизнес өкілі ғана Өңірлік кеңеске мүше болу құқығына ие болады.
9 тамыздағы есеп бойынша 5633 қызылордалық кәсіпкер дауыс беруге қатысып, Өңірлік кеңес мүшелерін анықтауға белсенділік танытуда.
Айта кету керек, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарының карантинмен қатар келуі салдарынан шара тоқтатылмай, сайлауға қатысушы кәсіпкерлерге дауыс берудің соңғы күніне дейін насихаттық кампаниясын жүргізуге рұқсат берілді.
Естеріңізге салып өтейік, 5-11 тамыз аралығында «дауыс беру» өткізіледі. Дауыс беру рәсімі онлайн режимде vote.atameken.kz интернет-порталында жүргізіледі.
Дауыс беруге облыс аумағында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар қатыса алады. Әрбір кәсіпкерлік субъектісі, қауымдастық және өзін-өзі реттейтін ұйымдар бірінші басшы немесе арнайы өкілі арқылы бір кандидат үшін дауыс бере алады.