Қызылорда қаласының тұрғыны Рүстем Сансызбайұлы Ауыл шарушылығын қаржылай қолдау қоры Қызылорда филиалынан «Кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізді.
Несие қаражатына 2010 жылғы «ГАЗель» (борттық) маркалы жүк автокөлігін сатып алып, жүк тасымалдау қызметін табыс көзіне айналдырып отыр. Несие мерзімі - 60 ай. Жылдық сыйақысы - 6 пайыз. Іске сәт!
Айта кетейк, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы кәсіппен айналысамын деген кәсіпкерлерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы мүшелеріне 4 пайызбен несие береді. Негізгі борыш бойынша 1 жыл, ал сыйақы бойынша 6 ай жеңілдік мерзімі бар.