Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда Құрбан айт мерекесі аталып өтті

Аралда Құрбан айт мерекесі аталып өтті

 

Құрбан айт күні таңсәріден мешітке жиналған жамағатты аудан әкімі Абзал Мұхимов құттықтады. Аудан басшысы имандылық ізгі істерден басталатынына тоқталып, мұсылмандардың ықылас-ниеттерінің түзу, бірлігінің нық болуын тіледі.

Мұнан соң орталық мешіттің бас имамы Съезбек Евилханұлы мерекенің мән-маңызын түсіндіріп, жамағатпен айт намазын оқыды.
Намаздан кейін тәттілер мен құрма таратылып, мешіт меймандарына дәм ұсынылды. Аудан имамы ауыл ақсақалдарымен және жамағатпен бірге құрбандық шалып, құрбан еттерін жағдайы төмен отбасыларына, мүгедек жандарға үлестіріп берді. Мешіт ауласында Құрбан айт құрметіне жасөспірімдер арасында қол күрес, арқан тартыс ойындары да ұйымдастырылып, сайыстың жеңімпаздары сый-сияпаттарға ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: