Қызылорда облысының арнайы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды
Қызылорда облысының арнайы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып әділет кеңесшісі Ахметов Сырым Табынбайұлы тағайындалды.
Ахметов Сырым Табынбайұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы Қызылорда облысы Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымынан бастаған.
Әрі қарай Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі, Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, Қармақшы ауданы және Қызылорда қаласы прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығы лауазымын атқарған.