Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КҮШІК ҰРЛАДЫ, СИЫРДЫ СОЙЫП АЛДЫ

КҮШІК ҰРЛАДЫ, СИЫРДЫ СОЙЫП АЛДЫЖалағаш аудандық сотында сотталушылар Т.Г. мен Т.К-ға қатысты қылмыстық іс бойынша қаулы қабылданды.
Іс бойынша сотталушы Т.Г. өзінің басқаруындағы автокөлігімен кетіп бара жатып, жәбірленуші А.Ж-ның көше бойында жүрген ақ түсті күшігін жасырын ұрлап  соңғыға 30 000  теңге залал келтірген.
Осыдан кейін,Т.Г. танысы Т.К. екеуі бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны жәбірленуші Г.Д-ның «Байтабын» деп аталатын жер учаскесіндегі егістік алқап арасындағы жолдың бойында батпаққа батып тұрған бір бас сиырын екеулеп сойып алып, етін жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап кетіп, жәбірленуші Г.Д-ға 100 000 теңге мүлікті шығын келтірген. 
Басты сот талқылауында сотталушылар, жәбірленушілермен «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласуларына байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: