Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Жібек жолындағы" шырша алынып тасталды

"Жібек жолындағы" шырша алынып тасталды Қала тұрғыны Аида Смаилова өзінің фейсбук парақшасында Қызылорда қаласындағы "Жібек жолы" сауда үйінің алдында жаңа жылдық шырша орнатылғанына қынжылыс білдірген еді. Осыған орай қала басшылығы тарапынан лайықты жауап берілді. 
Қазіргі таңда еліміз бойынша тәуелсіздік мейрамын тойлауға ерекше мән беріліп отыр. Жаңа жылға дайындық сол мереке аталып өткеннен кейін ғана қолға алынбақ. Дегенмен, "Жібек жолы" сауда үйінің мына әрекеті тұрғындар арасында реніш туғызды. Сол олқылықтың орны көп ұзамай толтырылды. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев жауап берді. Онда "Бұл сын-ескертпеңіз орынды. Тәуелсіздік күні – ұлық мереке. Сондықтан бұл мереке Жаңа жыл мерекесінің тасасында қалып қоймауы керек. Осы ретте "Жібек жолы" сауда орталығының басшысына тиісті ұсыныс беріліп, нәтижесінде шырша алынып тасталатын болды. Негізі қала бойынша Жаңа жылдық іс-шаралар 20 желтоқсаннан бастау алу жоспарлануда" делінген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: