Қызылорда қаласында "Алтын күз" мерекесі аясында 4 қазан күні сағат 11.00-де Тұңғыш Президент паркі жанындағы қалалық ипподромда Ұлттық ат спорт түрлерінен жарыс болады. Жарыс құнан, тоқ, аламан бәйгелерінен өткізіледі.
Ипподромға қаладағы №20 бағыттағы қоғамдық көліктің қатынауы ұйымдастырылады. Оған қоса №3, №12, №28 бағыттарындағы қоғамдық көліктер Тұңғыш Президент паркі тұсынан тоқтайтын болады. Мұнан бөлек, Қызылорда қаласы мен облыс аудандарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Арал ауданы С.Торайғыров көшесінің бойы
(«Коммунизм» мөлтек ауданы)
Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев көшесінің бойы мен Қ.Яссауи көшесінің қиылысы
(«Шұғыла» мөлтек ауданы)
Қармақшы ауданы «Журба» көшесінің бойы
(Ақмешіт көшесі мен Саламатов көшесінің аралығы)
Жалағаш ауданы «Титов» қыстағы
(Ә.Қашаубаев көшесінің бойы)
Сырдария ауданы Жанқожа батыр көшесінің бойы, (Реалбаза алды)
Шиелі ауданы Тасбөгет кенті,
(Орталық алаң)
Жаңақорған ауданы Астана даңғылының бойы
(Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы )
Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесінің бойы,
(Қазыбек би көшесі мен Д.Қонаев көшесінің аралығы).