Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Автобуста 8 наурыз мерекесіне жолаушыларға гүл сыйлады

Тек өнер адамдары ғана емес, бүгін қоғамдық көлікке мінген қызылордалық қыз-келіншектер тосын сыйға тап болды. Автобус жүргізушілері мен көмекшілері мерекелік киімдерін киіп, аруларға раушан гүлдерін тарту етті.

 

Автобуста 8 наурыз мерекесіне жолаушыларға гүл сыйлады

 

Қызылордада қоғамдық көлік жүргізушілері күнделікті тірлігіне көшпес бұрын әйелдер қауымын бір қуантып тастады. Автобусқа кірген әрбір нәзік жандыға кондуктор раушан гүлін сыйға тартты. Дауыс ұлғайтқыштың көмегімен қыз-келіншектерді құттықтаған жүргізушісі де мекерелік шарадан тыс қалмады.
Жолаушылар күрмеуі көп қоғамдық көлік мәселесінің оңынан шешіліп жатқанына разы. Өйткені қалада үлкен сыйымдылықтағы автобустар саны артып, сапалы қызмет көрсетіп келеді. Көлік иелері алдағы уақытта осындай шаралар өткізу арқылы жолаушылардың сеніміне кіруді мақсат етіп отыр.
Мереке қарсаңында гүл атаулы қымбаттайтыны рас. Соған қарамастан көлік иелері тоғызыншы наурызға дейін қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлағылары келетіндерін айтады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: