Үстіміздегі жылы Жалағаш ауданында 388 түлек мектеп бітірді. Олардың арасында 10 оқушы «Алтын белгі» және 8 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері болып танылды.
Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін қабылдап, аудан абыройын жақсы көрсеткіштерге жеткізген білімді жастарға ақ жол тілеп, бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар үздік түлектердің мектептегі алғашқы ұстаздарына Астана қаласына саяхат жолдамаларын сыйға тартты. Кездесуде болған түлектердің ата-аналарыда ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.