Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жылы ауа-райы салқындай бастайды

Жылы ауа-райы салқындай бастайды"Қазгидромет" мекемесі 2015 жылдың 20-22 қаңтарына арналған болжамды ұсынады. Ұзақ уақыт сақталып тұрған, Атлантикадан жылжыған жылы және ылғалды ауа массасы, біртіндеп солтүстік-батысқа қарай өзгеріп келеді. 
Ақырындап Қазақстанның аумағына Ресейдің арктикалық теңіздерінен суық ауа келе бастайды. Жақын арадағы үш тәулікте республиканың барлық аумағында дерлік қар жауып, боран соғып, солтүстік-батыс желі кей жерде 15-23 м/с көтеріледі, оңтүстікте – сулы қар, тұман, көктайғақ күтілуде. Температура салқындай береді, егер алғашқы тәулікте ол климаттық нормадан жоғары болса, ал 22 қаңтарда орташа жылдық температураға жақындап, батыста одан 3-5º төмен түседі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: