Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімінің орынбасары имамдармен кездесті

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай барша мұсылман қауымы үшін қасиетті – Рамазан айы қарсаңында имамдармен кездесті.


Кездесу барысында Қайрат Ырзақұлұлы «Рамазан» айының басталуымен құттықтап, мұсылман қауымы мен мешіт жамағаттарының ізгі амалдары, дұға-тілектерінің қабыл болуына ниет білдірді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарға түсіндірме жасап, Жаңа Қазақстанды құрудағы алғышарттарды атап өтті.
Облыс имамдарының қоғам тұрақтылығын сақтаудағы үлестеріне ілтипат білдіріп, елдікті сақтау, тұрақты дамуға бірге үлес қосуға шақырды.
Кездесу соңында аймақтың діни тұрақтылығын сақтауда атқарар бірлескен шаралар бойынша пікір алмасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: