Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен Президент саябағының аумағында жаңа драма театрдың іргетасы қаланып, капсуласын салу рәсімі өтті.
Сурет. Қызылорда облысының әкімдігі
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтады.
- Бүгін Сырөңірінің рухани өміріндегі ерекше айтулы күн. Мемлекет басшысының Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында жаңа драма театр салу бойынша тапсырма берген болатын. Бүгін Өздеріңізбен бірге осы зәулім ғимараттың капсуласын салудамыз. Бұл – жаңа дәуірдің мәдени келбетін айшықтайтын, келешек ұрпақтың рухани сұранысына жауап беретін, ұлт руханиятының алтын қазығы болатын маңызды жоба. Жаңадан ашылған Президент саябағында, сұлу Сырдың жағасында бой көтеретін өнер ордасы – табиғат пен мәдениеттің, заманауи сәулет пен ұлттық рухтың үйлесім тапқан символына айналмақ. Мәдениет – ұлттың жаны, театр – сол жанның сөйлейтін үні. Ұлттың зердесін жаңғыртатын, тарихи жадын тірілтетін, рухани тамырын тереңдететін қасиетті кеңістік. Театр – тәрбиенің ең нәзік, терең құралы. Театр – тек өнер ордасы емес, ол – рухани мектеп.
Өздеріңізге белгілі, тұңғыш кәсіби ұлт театры 1925 жылы қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында ұйымдастырылды.
Бұл іске Алаш ардақтылары Жұмат Шанин, Жүсіпбек Аймауытовтар бастаған қайраткер тұлғалар орасан зор еңбек сіңірді.
Бір ғасыр бұрын 1926 жылы Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен, халық өнерпаздарының концерті мен алғашқы қазақ драма театрының шымылдығы ашылды.
Сырбойылықтар ұлт театрының тұңғыш қадамы өңірімізден бастау алғанын әрдайым мақтанетеді.
Қазіргі Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ғимараты 1985жылы осыдан 40 жыл бұрын пайдалануға берілген болатын.Бүгінгі игі іс тарихи сабақтастықпен жалғасын тауып, театр ұжымы мен көрермендерімізге заманға сай жаңа ғимарат салынатын болады.
Мемлекетбасшымыздың биылғы Жолдауында жасанды интеллектті тек технология мен ғылымда ғана емес, мәдение тсаласында да кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.
Президенттің бұл бастамасы мәдени мұраны цифрландыру, инновациялық жобалар жасау, жасанды интеллект арқылы деректерді талдау, ұлттық контентті жаһанға таныту бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы бағытта өңірімізде бірнеше оң бастамалар қолға алынып, жаңажобалар жүзеге асуда.
Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің ерекше қолдауымен 2022 жылдан бері аймағымызда жаңадан 22 мәдениет нысандары салынып, ел игілігіне қызмет етуде (7 «Руханият» орталығы, 10 ауылдық клуб, Анаға тағзым, Өнер, Отбасы орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Достық үйі»).
Барлық 7 ауданда 11млрд. 500 млн. Теңгеге «Руханият» орталықтары бой көтерді. Облыстың бас шаһарында Өнерорталығы, «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде.
Қызылорданың кезінде астана болғанына 100 жыл толуына орай 2млрд. 300млн. теңгеге облыстық Тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Жаңа музей заманауи технологиялармен жабдықталған. Экспонаттарды таныстыру үшін жасанды интеллектінің мүмкіндіктері енгізілген.
Сыр бойында өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшымыз музей ісін дамыту – маңызды міндеттің бірі ретінде атап, аймағымызда жаңадан ашылған тарихи-өлкетану музейіне ерекше тоқталып, басқа облыстарға үлгі етуге болатындығын жеткізді.
Ассамблеяның 30жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен 3млрд .800млн. теңгеге «Достық үйінің» жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Мемлекет басшымыз өткен жылдың қазан айында өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізген болатын.
Демеушілікпен 20 млрд. теңгеге салынатын, аумағы 13 мың шаршы метр болатын сәулетті, жаңа кітапхана ғимаратының құрылысы осы саябақта жақын күндері басталады.
Балалар мен жасөспірімдерге қолайлы орта қалыптастыру, шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында 11млрд. теңгеге «Сыр жұлдыздары» академиясы ашылды. 3 млрд. теңгеден астам қаржыға Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында Оқушылар үйлері мен Өнер мектептері пайдалануға берілді.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы салынып, балаларымыздың игілігіне жұмыс жасауда.
Сыр мәдениетінің негізгі бренді, жыраулық дәстүр өкілдерінің ордасы – «Жыраулар үйі» ашылды.
Жаңадан салынған бұл мәдениет нысандар аймағымыздың мәдени-рухани дамуына, халқымыздың береке-бірлігін сақтап, ұлтымыздың жарқын болашағына қызмет етуде.
2023 жылдан бастап мәдениет, өнер және әдебиет өкілдерін қолдау мақсатында жыл сайын «Тұран» сыйлығын табыстау дәстүрге айналды.
Мәдениет саласының өкілдеріне жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер салынып, 40қызметтік пәтер табысталды.
2022 жылдан бері мәдениет саласы өкілдері –29мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Бұл –Президентіміздің Сыр өңірінің өнер қайраткерлеріне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.
Барша мәдениет саласы өкілдерінің бірлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі.
Халықаралық «Түрксой» ұйымының шешімімен Қызылорда облысына түркі дүниесінің «Ең үздік мәдени аймағы» номинациясы берілді. Астана,Алматы қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында Сыр өңірінің мәдениет және өнер күндері ұйымдастырылды.
Қызылорда облысының өнер майталмандары Наурыз мерекесін, еліміздің салт-дәстүрлерін халықаралық деңгейде насихаттап, Испания, Финляндия, Эстония елдерінде маңызды шаралар өткізді.
Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Швейцарияның бірқатар қалаларында Қызылорданың мәдениет және өнер күндері өтті.
Жақында ғана Ыстамбұл қаласында ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен «Оғыз феномені: ұлы даладан Анадолыға дейін» халықаралық конференциясы мен көрмеұйымдастырылды.
Қасиетті Сы рөңіріндегі орта ғасырлық қалаларынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылып, түркі халықтарының ортақ тарихи-мәденимұрасы жан-жақты таныстырылды.
Мәдениет пен өнер – Мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарының бірі. Бұл маңызды сала қоғамдық сананың жаңғыруына, елдегі реформалардың сәтті жүзеге асуына айрықша рөл атқарады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет», -деген болатын.
«Сыр елі – Жыр елі» атанған қасиетті Қорқыт бабаның мекені ежелден өнер мен мәдениеттің ордасы. Театр – ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып келе жатқан киелі өнердің қарашаңырағы.
Жетпіс жылдан астам тарихы бар қазақ театр өркениетінің қара шаңырағы Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры – Сыр өңірінің мәдени өмірінің ажырамас бөлігі.
Бүгінде театр репертуарында 60-тан астам қойылым бар. Шығармашылық ұжым жыл сайын 70 мыңнан аса көрерменге рухани азық сыйлауда.
Бүгін Президенттік саябақ аумағында іргетасы қаланатын жаңа театр –төл өнерімізді түлететін, жас буынның шығармашылық әлеуетін шыңдайтын, ұлттың жаны сөйлейтін киелі мекен болады деп сенеміз.
Осы игібастамаға үлес қосқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін.
Қызылорда – қазақ театр өнерінің негізі қаланған жер. Бір ғасыр бұрын жаңадан құрылған ұлттық театрдың алғашқы қойылымы осында сахналанған. Сыр жұртшылығы халқымыздың асыл мұраттарын, құндылықтарын сахна арқылы ұрпақ санасына сіңіріп келген ұлт театрының Қызылордадан бастау алғанын мақтаныш тұтады. Қазақтың ұлттық кәсіби театрының шымылдығы түрілген Қызылордада бір ғасырдан соң жаңа ғимараттың іргетасы қалануының өзіндік мәні бар,- деді облыс әкімі.
Рәсімде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір, «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС-нің бас директоры Азамат Өсімбеков сөз сөйледі.
Айта кету керек, 2022 жылдан бері өңірде 22 мәдениет нысаны жаңадан салынып, ел игілігіне берілді. Барлық ауданда «Руханият орталықтары» ашылды. Облыстың бас шаһарында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Оқушылар сарайы» бой көтерді.
Былтыр Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ассамблеяның 30 жылдығына орай «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынды. Кейінгі жылдары «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Өнер мектебі» мен «Оқушылар үйі» іске қосылды.
Жақында тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхана құрылысы басталады.