Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ 47 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

 

«Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Сарменбаев «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында баспасөз конференциясын өткізді. Брифингте Берік Сарменбаев Қызылорда қаласында жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
- Өздеріңізге белгілі, Ұлттық экономика министрлігінің өткен жылғы 27 наурыздағы № 270, 271, 272 бұйрықтары негізінде жер қатынастары саласы бойынша стандарттар қабылданды. Осылайша Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы 375 қаулысымен жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілді, - деді Б.Сарменбаев. – Бүгінде жыл басынан бері тоғыз айдың қорытындысы бойынша – 2412 тұлғаға қызмет көрсетілді. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2096 тұлғаға, қызмет көрсетушілің кеңсесі арқылы 316 тұлғаға қызмет көрсетілді. 
Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттен көрсетілетін қызметтер 47 пайызға артып отыр, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі 86 пайыз, кеңсе арқылы көрсетілетін қызметтер саны 14 пайызды құрап отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: