Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қызыл мия құрып барады

Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланып, ойланбай ойсырата жинау салдарынан азайып барады. Оның бірі - сырдың алтын тамыры қызыл мия өсімдігі.
Осы орайда, қызыл мия өсімдігі тамырларының қорғалу заңдылығының жай-күйі мен құқық қорғау және уәкілетті органдарымен қолданылған алдын алу шараларының тиімділігі талданып, қорытындысы облыстық прокуратурада облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткізілген алқа мәжілісінде қаралды.
Ішкі істер органдарының мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың 10 айында қызыл мия тамырларын жинаудың 39 (23) фактісі тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 70 пайызға өскен
Негізінен мия тамырларын жинау фактілері Шиелі (27), Жаңақорған (7), Сырдария (3) аудандарында және Қызылорда (2) қаласында кездесуде.
Оңай табысқа кенелуді көздеген кейбір азаматтар ауыр техникалардың күшімен мия тамырларын жинап, туған жеріміздің табиғатына аяусыз нұқсан келтіруде.
Өкініштісі, мұндай заңсыздықтарды көре тұра көз жұма қарап отырған жергілікті ауыл әкімдері жоқ емес. Сырдария ауданы, Жетікөл ауылының тұсында белгісіз азаматтармен ү.ж. тамыз айында мия тамырларын заңсыз жинау деректері орын алған.
Аталған жағдайды сол ауылдың мектеп оқушысынан бастап қарияға дейін білетінің көрсетсе, сол ауылдың әкімі мен учаскелік инспекторы ол туралы бейхабар болған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде өз құзыретіне кіретін жер қатынастарын реттеу саласында мәселелерді шешуде әрекетсіздік танытқаны үшін Жетікөл ауылдық округінің әкімі Ж.Қожахметовке ескерту жарияланған.
«Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалықтары өзіне берілген жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті.
Көп жағдайда шаруа қожалықтары осы жерлерді (шабындық, жайылымдық) нысаналы мақсаттарына сәйкес пайдаланбай, қызылмия тамырларын сатумен айналысуда.
Мысалы, Жаңақорған ауданындағы «Алмалық» шаруа қожалығы өзіне ауыл шаруашылық мақсатындағы жалға алған жер учаскесін келісім шарт бойынша «Евро-Нұр» ЖШС-не жалға берген.
Құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдарымен қолданылып жатқан алдын алу шараларының тиімділігіне жасалған талдау, олардың осы бағыттағы жұмыстарының әлі де болса сапасын арттыру қажеттілігін көрсетті.
Мемлекеттік органдардың мия өсімдігі тамырларын қорғау кездегі бірлесіп атқаратын іс-қимылдарының тәртібі реттелмеген,  бiрыңғай жүйелі әрекет етудің тәжірибесі де қалыптаспаған.
Бұған қоса, өзара қарым-қатынас, ақпарат алмасу тәртібі де орнатылмаған.
Осы орайда, облыстық прокуратурамен құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың мүдделігі ескеріп, мия тамырларын жинау фактілері анықталған кездегі олардың өз құзыреті шеңберінде атқаратын іс-қимылдарының бағдаржолы әзірленді.
Ең бастысы Бағдаржол мемлекеттік органдардың осы бағыттағы күш-жігерін біріктіріп, ортақ міндеттер мен іс-шараларды айқындауға бағытталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: