Шиелі ауданының орталығындағы М.Шоқай атындағы алаңда «Жолың болсын, жас сарбаз!» атты болашақ жауынгерлерді әскер қатарына шығарып салу рәсімі болып өтті.
Шараға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, ардагерлер мен ата-аналар қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оразымбетов, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет сөз сөйлеп, болашақ жауынгерлерге ақ жол тіледі.