Биыл облыста су тасқынының алдын алу мақсатында қорғаныс бөгетінің үш учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, екі дана гидротехникалық құрылғы салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев мәлімдеді.
- Өңірде жыл сайын су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы құрылған жұмыс топтарымен қорғаныс бөгеттеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпті деген учаскелер анықталады. Қажетті қаржы бөлініп, аса қауіптілері қалпына келтіріліп, нығайтылады. Қыс-көктем мезгілінде дария деңгейін бақылауда ұстап тұруға арнайы техника, жауапты мамандар бекітілді. Күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Дариядан келер қауіп жоқ, - деді Бағдат Исламбекұлы.
Өткен жылы қорғаныс бөгетінің 16 учаскесі жөнделіп, тазалау жұмыстары жүргізілді.