Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҮШТІЛДІЛІК БОЙЫНША ОҚЫТУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Қызылорда қаласындағы мектептерде үштілділік бойынша оқытуға дайындық жүргізіп келеді.
Балаларды ерте жастан дамыту бойынша үлкен міндеттер қойылып отыр. Екінші мәселе, оқушылардың оқу жүктемесі қысқартылмақ. Электронды күнделікке біртіндеп көшу жоспарда бар. 2018-2019 оқу жылынан бастап 3, 6, 8, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап - 0, 4, 9, 10, ал 2020 жылы 11 сыныптар толығымен үштілді жаңартылған білім беру мазмұнына көшеді.
Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердіңпәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру тақырыбында 54 жаратылыстану пәнінің мұғалімдері В1, В2 деңгейі бойынша біліктілік арттыру курсынан өтті. Үстіміздегі жылы 200 мұғалім бұл бағытта білім жетілдіреді. Сонымен қатар, қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылды. Айта кетерлігі, 23 робототехника кабинеттерін жабдықтауға қаржы қаралып, оқу жылының аяғына дейін оларды алып беру жоспарлануда. Үстіміздегі жылы осы бағытта 11 физика, 11 химия, 8 биология кабинеттері толығымен жабдықталады деп күтілуде. Осы жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде жаратылыстану пәндері бойынша үштілді оқыту қолға алынады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: