Жалағаш аудандық мәдениет үйінде жылдың қорытынды мерекелік шарасы болып өтті. Шара барысында әр сала бойынша үздіктер түрлі номинациялармен марапатталды.
Сонымен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-мәдени өмірінің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алты азамат "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағымен марапатталды. Олардың қатарында білікті дәрігер Баймаханов Болатбек, қарымды қаламгер Бейбітбек Бүркітбаев бар. Шара соңында жергілікті өнерпаздармен бірге елімізге танымал жайдарман жұлдыздары Асылхан мен Құттыбай жиналған қауымға өз әзілдерімен мерекелік ерекше көңіл-күй сыйласа, танымал топ Олжас пен Назерке әннен шашу шашты.