Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ақтауда Каспийге келген аққулар туралы әсерлі видео түсірілді 

Жақында түсірілген қоқиқаздар туралы атышулы бейнероликтің авторы жаңа видео жариялады. Бұл жолғы видео Каспий теңізіне қыстауға келген аққулар туралы. Бұл жөнінде kaz.nur.kz жазды. 
Азамат Сәрсенбаев Ақтауда түсірілген видеоны Facebook-те жариялады. Таңғаларлық кадрлар дронмен түсірілген. Ол аққуларды жергілікті қонақүйлердің бірінің алдында суретке түсіріп үлгергенін алға тартты. "100 метр қашықтықта тұрып осындай сұлулықты көрген сәтте өз-өзіңді ұстау қиын", – деп жазды Азамат. Жазылушылар автор түсірген видеоны жоғары бағалады. Азамат өз жұмысын YouTube-тағы жеке арнасында да жариялады. 
Еске салсақ, бұған дейін Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне дәстүрлі түрде ұшып келген бір топ фламингоны видеоға түсіріп алған болатын. Бейнежазба биыл 14 қараша күні өңделіп, жарияланған еді. Айта кетейік, ұшып келген қызғылт түстес құстардың бірінші тобы қазан айының басында ел назарына іліккен. Ол кезде де қоқиқаздардың видеосы жарияланып, халық қатты таңғалған болатын. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: