Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА МЕТАН ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 

Сыр өңірінде құны 380 млн теңге тұратын экологиялық таза метан шығару жобасы жүзеге асырылды, - деп хабарлады 24 кз.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеген кәсіпкер жыл басынан бері өнімін тұрғындарға ұсынып келеді. Метанның 1 литрі 15 теңгеден босатылады. 
Жарты жылда кәсіпкерлік құрылым аргентиналық технологиямен өңделген 400 мың текше газ сатып үлгерген. Қазіргі таңда қалалық автобус паркі, коммуналдық мекемелер мен жедел жәрдем және ішкі істер органдарының көліктері аймақтағы метан өндіретін жалғыз өндіруші кәсіпорынның өнімін тұтынады. 
Бейімбет Сырымов, метан құю бекеттерінің жетекшісі: 
- Шикізат қалаішілік газ желілерінен алынады. Жоғары қысымды газ желісінен. Сондықтан кезек күту немесе газ болмай қалады дегенге ешқандай себеп жоқ. Қызылорда қаласында бекеттер санын 3-4-ке дейін көбейту жоспарда бар. Қаланы қамтып, халық түсініп, метан газымен жүре бастағанда, ауданаралық жолдар, «БЕ-БҚ» жолына жақын жерге газ құю бекеттерін салу жоспарда бар. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: