Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫБүгін Сексеуіл кентінде 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Халық Банкі» АҚ Қызылорда облысы филиалы, Сексеуіл кентіндегі бөлімшесі салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Абзал Мұхимов қатысып сексеуілдіктерді қуанышымен құттықтады.
«11 мыңнан астам халқы бар, күнен –күнге өсу мен өркендеуге бетбұрыс алып келе жатқан Сексеуіл кентінде «Халық банкі» бөлімшесін ашу көптен бері қажеттілік тудырып жүрген еді. Бүгін міне, сол армандаған күнге қол жетті. 90 жылдық тарихы бар аталмыш банктің алдағы уақытта кент тұрғындарына сапалы қызмет жасайтынына сенімдімін»,- деді аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы. Сонымен қатар шараға арнайы келген «Халық банкі»АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры Бауыржан Рахымжанов ғимаратты салған жеке кәсіпкер Нұрлан Баймағанбетовке осындай қолау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: