Өткен жылы облыс көлемінде киіктерді заңсыз аулаудың 23 фактісі тіркеліп, 63 бас киік аңы заңсыз ауланса, үстіміздегі жылдың 9 айында 46 дерегі тіркеліп, 103 бас киік жойылған (+63,5%).
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабаралуынша, 2014 жылы киіктің 260 (2013/184) мүйіздері алынып, киіктерде заңсыз аулаудан, мүйіздерін жинаудан жануарлар дүниесіне 30 560 712 теңге (2013/4 762 850) залал келтірілген.
Заңсыз аңшылық қылмыстарының жылдан жылға өсуі (2010ж.13, 2011ж.12, 2012ж.14, 2013ж. 9 айында 23, 2014жылдың 9 айында 46).
Біріншіден: Киіктерді заңсыз аулауға тосқауыл қоюда облыстың жануарлар дүниесін қорғауға тартылған органдар арасында тұрақты негізде жүргізілуі белгіленген бірлескен маусымды іс-шаралар ұйымдастырылмаған.
Қызылорда облыстық орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (әрі қарай - Инспекция) өз құзіреті шегінде жануарлар дүниесі ресурстарын күзетуге, қорғауға, молықтыруға және қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті.
Ал киікті, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жүктелген.
Осы мекемелердің және жергілікті ішкі істер органдарының өзара байланысы жекелеген рейдтер жүргізу төңірегінде қалуда.
Алайда, бұл рейдтер киікті заңсыз аулаудың алдын алу емес, бар болғаны оның салдарымен ғана күрес. Яғни, бұл іс-шаралар киіктің атылған дерегін бекітіп, бұл қылмысты кіммен жасалғанын әшкере етуге ғана бағытталып, киікті заңсыз аулаудың алдын алуда тиімділігі төмен.
Екіншіден: Киікті атып алудың алдын алып, болдырмау жолдарының бірі – киік, қарақұйрықты заңсыз аулауды кәсіп ететін аңшылардың тұрмыс-тірлігіне заң шеңберінде тиісті бақылау орнату.
Бұл сол адамдар тұратын аумақтың учаскелік инспекторынан бастап, «Ақбөкен» жануарын қорғауы тікелей жүктелген мекеме қызметкерлерінің тікелей қызметтік міндеті.
Кейінгі кездерде аңшылықтың бұл түрімен айналысатын адамдар көбеймесе, азаймай , олардың қарулары да жаңалануда.
Үшіншіден: Киік атуды кәсіп ету деректері сипат алуда. Себебі, киіктің етімен қатар, дәрі-дәрмек жасау үшін киік мүйізіне сұраныс артуда.
Киік мүйізінің ішкі нарықтағы бағасының 1 килограмы 40-70 мың теңге арасында болса, шетелде, негізінен сұраныс танытып отырған Қытайда 1 килограмм мүйіздің бағасы 4000 АҚШ долларына жеткен.
Қылмыстық топтар заңсыз атып алған киік аңдарының мүйіздерін жинап алып, оларды алдын ала келісім бойынша қабылдайтын орындарға апарып, өткізуде.
Киік мүйіздерін жинаушылардың түпкі мақсаты бұл контрабанда, жиналған киік мүйіздерін шетелге заңсыз шығару.
Төртіншіден: Атап көрсетілгендей, киікті заңсыз атумен байланысты қылмыстар толық көлемде әшкере етілмей, қылмыстық топ мүшесінің барлығы құрықталмай, олар қылмыстық жауаптылықтан тыс қалуында.
Бесіншіден: Заңсыз киік аулау дерекетеріне жол бермеуде жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру мен азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жұмыстарын жаңдандыру қажет.
Қылмыстылық жағдай, осы сипаттағы қылмыстардың әшкереленуі мен тергеу сапасы:
2014 жылдың 9 айында киіктерге заңсыз аңшылық жасау фактісі бойынша 46 (2013 жылдың 9 айы 23 іс) қылмыстық іс қозғалып, тіркелген қылмыс саны екі есеге өсіп, жалпы тіркелген қылмыстардан өзіндік үлесі 0,6 % (0,3%) құраған.
46 қылмыстық істің 38-і (19) ҚК-тің 290-бабымен (өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер), 8-і (4) ҚК-тің 288-бабымен (заңсыз аңшылық) қозғалған.
Облыс көлемінде киіктерге байланысты қылмыстар негізінен Арал (17), Қазалы (13) аудандарында орын алса, 6-ы Жалағаштың, 4-і Қармақшының, 3-і Қызылорда қаласының, 2-і Сырдария ауданының және 1-і Шиелі ауданының үлесінде.
Қылмыстылық жағдайдан көрініп тұрғандай, 2014 жылдың 9 айында киіктерді заңсыз аулау мен олардың бөліктері мен дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттерге қатысты қылмыстар көбейген.
Заңсыз аңшылық фактілерін анықтау бағытында прокуратура органдарымен бірлескен іс-шаралар атқарылып, нәтижесімен биылғы жылы және өткен жылдары заңсыз киік ату деректері анықталған.
Нақты айтқанда, Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жүргізілген рейдтік тексеру барысында, Ф.Ахметов пен А.Ерназаров «Урал» маркалы мотокөлігімен ақбөкен жануарын аулағандығы анықталып, К-16 аңшы мылтығы және 1 бас жараланған киік айғақ зат ретінде алынған.
Осы дерек бойынша А.Ерназаров пен Ф.Ахметовке қарсы ҚК-тің 290-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу нәтижесімен сотқа жолданып, сот үкімімен 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болды.