Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сотта мас күйінде жұрттың мазасын алды

Сотта мас күйінде жұрттың мазасын алдыСырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 513 бабының 1 бөлігімен, сотқа құрмет көрсетпеген  азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сырдария аудандық сотының мәжіліс залында Н-ның Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 б. 2 б. «б,в» тармақтарымен қылмыстық ісі бойынша сотталушы ретінде қатысқан құқық бұзушы Н. сот үй-жәйына спирттік ішімдік ішкен мас күйінде келген. Төрағалық етуші судьяға, бірнеше ескертулерге қарамастан, өзіне арналмаған сұрақтарға ретсіз жауап берген. Сот мәжілісі залында өздігінен бірнеше рет орнынан тұрып және отырып, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған. Осылайша сот үй-жайында тәртіп бұзып, сотқа құрметтемеушілік жасаған.
Сот құқық бұзушы Н.-ды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 513 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, 3 тәулік әкімшілік қамауға алуға қаулы етті. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: