Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Газ түтіннен қорғау жаттығуы өтті

Газ түтіннен қорғау жаттығуы өттіГаз түтіннен қорғау қызметі өмір қорғаудағы және түтіндеген ғимараттан адамдарды шығаруда ең бірінші өзіне жауапкершілік алады, сондықтан ГТҚҚ буыны демалуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге бейімделген.
Қызылорда облысының өртке қарсы қызметінің бөлімшелеріндегі газ түтіннен қорғаушылардың кәсіби шеберлігін және жауынгерлік әзірлігін көтеру мақсатында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жылу түтін камера базасында тиісті үйретулер мен жаттығулар өткізілді.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және авариялық–құтқару жұмысы» ММ-нің 20 қызметкері жаттығу барысында жылу түтін камерасының маңыздылығы және оның атқаратын  міндеті туралы білім алды.
Өртке қарсы қызмет қызметкерлері ағзаға түсетін түрлі дәрежедегі ауыр  салмақтағы жаттығуларды орындады. Одан басқа, олар қатарласқан жұмысты және демалысты меңгерді, сондай-ақ, өздерінің көңіл-күйлерін бақылауды және медициналық бақылауды жүзеге асыруды үйренді. Жаттығу міндетінің бағдарлануы және орындалуы айтарлықтай қиындық туғызады. Үлгі  жағдайында қауіп-қатер, батылдық, ұзақ максимальды физикалық және сезімдік  жүктеме элементтері қосылған. Осылардың бәрі газқұтқарушылардан оның күші мен ой қабілетінің және ерігінің толық күшеюіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Газқұтқарушылардың жаттығу барысында кәсіби дағдылары шыңдалады, білімді дұрыс қолдана білуді және тәжірибеде қолдана алуды үйренеді, - деп айтып өтті өртке қарсы қызмет майоры Н.Ілиясов. Тәжірибе жүзіндегі  дайындықты дұрыс ұйымдастырғанда газқұтқарушылардың жетістікке жетуіне  және еңбек қауіпсіздігінің сақталуына негіз болады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: