Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Он жасар баласы мектепке бармаған әйел ата-аналық құқынан айрылды

Он жасар баласы мектепке бармаған әйел ата-аналық құқынан айрылдыҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер Байқоңыр қалалық білім бөлімі жауапкер Темонен Екатерина Сергеевна ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісін қарап, аяқтады.
Істі қарау барысында жауапкер Е.С.Темонен тұрғылықты жері бойынша  тыныштық сақтамауына байланысты көршілерінен шағым түсетіндігі анықталды. Жауапкер Е.С.Темоненның ұлы Жирнов Ярославтың тәрбиесімен айналыспайтындығы және баласын бақыламайтындығы анықталды. Баласы Я.В.Жирнов 10-ға толған, бірақ әлі мектепке бармаған, жазу, оқу білмейді, педагогикалық және әлеуметтік тұрғыдан төмен. Кәмелетке толмаған бала Я.В.Жирновтың киімдері, ойыншықтары, оқу құралдары, үй жұмысына дайындалу орны жоқ. Жауапкер Е.С.Темонен спирттік ішімдіктерді пайдаланады, жұмыс орны жоқ, баласын қамтамасыз етуге жағдай жоқ, профилактикалық есепке тіркелген, анасы ретінде баласына баласына кері әсерін тигізуде. Жауапкер ұзақ уақыт бойы өзінің ағасының үйінде тұрады және ол үйге бөгде адамдар келіп, баласының көзінше спирттік ішімдерді қолданып, баланың психологиясын бұзуда. Сонымен қатар, жауапкер Е.С.Темонен баланы  қараусыз қалдырған.
Бұл істі қарап,  сот  талапкер Байқоңыр қалалық білім бөлімі жауапкер Е.С.Темоненді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызын қанағаттандырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: