Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жаңа сауда үйлері ашылды

Қызылордада жаңа сауда үйлері ашылдыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен қолдауымен Қызылорда қаласында 2 сауда үйі: «Стамбул – тоқыма үйі» мен «Аль-Асад» сауда үйлері ашылды. 
Қызылорда облысының кәсіпкерлер  палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «EVIM» сауда маркасының Қызылорда облысындағы ресми өкілі ЖК «А. Алишеров» «Стамбул – тоқыма үйі» сауда үйінің де меншік иесі болып табылады. Бүгінде «Стамбул – тоқыма үйі» сауда үйі қызылордалықтарға 20 мыңнан астам тауарлардың түрлерін ұсынуда. Олардың қатарында ас үй мен ваннаға арналған тауарлар, үй мен бақшаға арналған жиһаздар, тоқыма өнімдері, кәдесыйлардың сан алуан түрлері, сондай-ақ балаларға арналған тауарлардың түрлері бар. Сауда үйінің директоры Алмат Әлішеровтің айтуынша «Стамбул – тоқыма үйі» 15 адамды жұмыспен қамтып отыр, алда қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
 Сауда үйлерінің ашылуына қолдау көрсеткені үшін «Аль-Асад» ЖШС-нің директоры Төреғали Шанкерей: «Өте қысқа мерзімде аталмыш филиалдың ашылуына көмек көрсеткені үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына алғысымды жеткізгім келеді. Бұл қадам өз кезегінде бизнесті жүргізу үшін аса маңызды», - деп ризашылығын жеткізді.
 Мұнан өзге, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолайлы болуы үшін Палата «Стамбул – тоқыма үйі» мен «Аль-Асад» сауда үйлерінің сайтының ашылуына көмек көрсететін болады. Нәтижесінде тұтынушылар үйлерінен шықпай-ақ жаңа тауарлар мен маусымдық жеңілдіктер туралы дер кезінде ақпарат алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: