Пандемия кезінде күйзеліспен қалай күресуге болады
Біздің әрбіріміз белгілі бір дәрежеде күйзеліске душар боламыз. Алайда ағзаңыз вирусқа тап болса, онда жұқарған жүйкеңіз сізге көмек бере алмайды. Күйзелістің организмге кері әсер ететіні бәріне мәлім.
Сіз күйгелектенген кезде организмде кортизол деңгейі ("күйзеліс гормоны") көтеріледі. Ұзақ уақыт бойы кортизол деңгейінің көтерілуі иммунитеттің қорғаныш функцияларын төмендетіп, вирусқа қарсы тұруға кедергі келтіреді. Күйгелектенген сәтте тұйық орта пайда болады, яғни біз ауырып қалудан қауіптеніп, күйгелектікке салынып, расыменде ауыруымыз мүмкін. Қазіргі уақытта күйзелістен толықтай қашып құтылу мүмкін емес. Алайда мазасыздық деңгейін түсіруге болады. Оны қалай жасаймыз? Өз іс-әрекетіңізді саналы түрде жоспарлаңыз: жұмыс пен демалысты кезектестіріп, жұмыс күнін дұрыс ұйымдастыру; тәулігіне кемінде 8 сағат ұйықтау, күн тәртібін сақтау, спорт пен серуенге уақыт бөлу (қозғалыс пен таза ауа өкпеңізді "жаттықтыруға" көмектеседі), дофамин деңгейін ("рақаттану" гормоны) көтеру үшін заманауи байланыс құралдарын пайдалана отырып, байланысудан қашпау.
Одан бөлек мамандар дұрыс тамақтанып, су ішуге кеңес береді. Күніне орта есеппен 1,5 литр су ішу керек екендігі бәріміздің есімізде. Әсіресе, ол күйзеліске түскен сәтте аса қажет. Сусыздану мен күйзеліс бір-біріне әсер етеді. Судың жетіспеушілігінен мидың кейбір бөліктеріне қысым түсіп, сусызданудың салдары күйзеліске әкелуі мүмкін. Одан бөлек күйзелістің өзі де сусыздануға себеп болуы ықтимал. Осындай сәттерде бірден депрессияға қарсы дәрілерге жүгінбей, бір стақан судан бастап көріңіз. Бұл ретте судың тек сұйықтық болғаны емес, нақты пайдасын тигізгені маңызды. Осы орайда сізге күйзеліспен күресу үшін құрамында дейтерийі төмен жеңіл су көмектеседі. 60 жылдан астам уақыт бойы ғалымдар жеңіл судың феноменіне зерттеу жүргізуде. Әлемдегі бес жеңіл судың бірі (!) орналасқан Қазақстанда мұндай су соңғы 7 жыл бойы зерттелуде. Өткен жылы алынған зерттеулер нәтижесінде құрамында дейтерий мөлшері аз суды үнемі пайдалану дененің жалпы күшеюіне ықпал ететіні, психологиялық жағдайдың жақсаратыны, атап айтқанда күйзеліске төзімділік жоғарылағаны анықталды.
Дәл сол себепті де жеңіл суды ғарышқа ұшып келген ғарышкерлердің денсаулығын жақсарту үшін пайдаланады. Қазақстанда Қазақ тағамтану академиясы Тағамтану проблемалары институтының, "Астана" медициналық университетінің, ҚР Минералды ресурстар академиясының, ҚР Валеология академиясының ғалымдары қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовпен бірге ғылыми тәжірибе жасады. Бірнеше ай бойы ғарышкер дейтерий деңгейі мен изотоптық құрамы бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін және жеңіл сулар санатына жататын TURAN жеңіл табиғи суын ішті. Нәтижесі өте әсерлі болды: тәжірибе жүргізілген уақытта ғарышкердің күйзеліске төзімділігі 20%-ға, эмоциялық тұрақтылығы 11%-ға, ал жүрек-қан тамыр жүйесі 40%-ға жақсарған. Денсаулығының жалпы деңгейі өскен. Қазақстанда табиғи жеңіл судың бірегей көзі бар, ал бүкіл әлемде жеңіл су жасанды түрде өндіріледі. Ол Ақмола облысындағы Көкшетау баурайында орналасқан және қазақстандықтарға белгілі TURAN минералды суы сол жерден алынады. Бастапқы су құрамында дейтерийдің төмен концентрациясы бар - 133,3 ppm. Салыстыру үшін: әлемдегі жеңіл судағы ауыр сутегінің максималды деңгейі 135 ppm деп саналады, ал қарапайым ағынды сулардағы ауыр сутегі деңгейі 140-148 ppm.
болады Күйзеліспен күресу керек және оны өте қарапайым әдістің көмегімен жасауға болады. Уайымыңызды өзіңізге мойындаудан қорықпаңыз. Осындай шиеленіскен уақытта біздің әрбірімізде күйзеліс бар. Бір стақан TURAN-нан бірнеше жағымды эмоциялар аласыз, ал бұл сіз жасай алатын ең жақсы нәрсе.